Текст
2020 жылғы 27 қарашада on-line форматында Ақмола облысының білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында Халықаралық жас мұғалімдер форумының 2-кезеңі өтті. Өткізу түрі - Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Қазіргі жағдайдағы экологиялық мәдениет пен экологиялық дүниетанымды қалыптастыру». Конференцияға қатысушылар 1 кезең жеңімпаздарының презентацияларын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жетекші ғалымдарының шеберлік сабақтарын, Форумның қорытындыларын шығарып, ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қоюын көруге мүмкіндік алды.
Щучинск қаласының Жоғары педагогикалық колледжі атынан оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары және жас мұғалім - биология пәнінің мұғалімі Сайлауова Айдана Асқарқызы қатысты.