Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Щучинск қаласы,  жоғары педагогикалық  колледжі" ШЖҚ МКК
ГКП на ПХВ "Высший педагогический колледж, город Щучинск" при  управлении образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Колледж туралы

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Щучинск қаласы, Жоғары педагогикалық колледжі" МКҚК-ның мамандарын 90 жыл бойы дайындайды. Осы уақыт ішінде колледж 20 мыңнан астам маман даярлады. Училищенің алғашқы оқытушылары: Яковлев А. И., Казаков Р. Е., Хоботня А. В., Кляцкина И. И., Запорощенко Ф. Г., Баянов С. Б., Маркелова Е. И., Романов Н. Е болды. Ұзақ жылдар бойы  училищемен колледжді директорлар басқарды: Рекубрацкий В. И. (1948-1968), Шикунов М. Т. (1968-1984), Цой И. П. (1984-2004), Исимбаев Е. Т. (2005-2008), Ибраева Р. К. (2009-2014), Бичун Г. В. (2015-қазіргі уақытқа дейін). Колледжде жақсы оқу-материалдық база құрылды: екі оқу корпусы, жатақхана, 3 спорт залы, тігін өндірісі цехы, пішу учаскесі, компьютерлік кабинет, мәжіліс залы, үлкен мәжіліс залы, кіші ассамблея кабинеті, психолог кабинеті, өзін-өзі тану кабинеті, лингофон кабинеті, кітапхана, тренажер залы, буфет, асхана. Колледж келесі мамандықтар бойынша оқытуды жүргізеді: "Бастауыш білім беру" (қазақ және орыс тілдерінде), "Музыкалық білім беру", "Дене шынықтыру және спорт", "Негізгі орта білім беру" (Шет тілі мұғалімі және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі), "Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)" (өндірістік оқыту шебері, техник-технолог (барлық атаудағы). Колледжде "Бірлік" педотряд , Жастар ісі жөніндегі комитет, жедел-жастар жасағы (ОӘБ), жатақхананың студенттік кеңесі, "Таным" оқушылардың ғылыми қоғамы, Тарихи костюм мұражайы жұмыс істейді. Барлық идеялар мен жаңалықтардың орталығы колледждің әдістемелік кабинеті болып табылады. Оқытушылар жаңа бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлейді.  Колледж базасында жаңа оқулықтарды сынақтан өткізу жүргізілуде.  Оқушылардың кәсіби дайындығында сабақтан тыс жұмыстар маңызды рөл атқарады: практиканың әртүрлі түрлері, пәндік онкүндік, конкурстар, "Ғылым апталығы", "Әдістемелік идеялар фестивальдерін" және  Жастардың патриоттық, құқықтық, рухани-адамгершілік тәрбиесіне, әр түрлі іс-шаралар: кештер, кураторлық сағаттар, "Денсаулық күндерін" спорттық жарыстар, Дәрігерлермен кездесу-әңгімелесу, әр түрлі акцияларға қатысу арқылы оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінеді.

Жаңартылған күні: 05.08.2016 14:23
Құрылған күні: 10.04.2019 15:53

Текст