Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Щучинск қаласы,  жоғары педагогикалық  колледжі" ШЖҚ МКК
ГКП на ПХВ "Высший педагогический колледж, город Щучинск" при  управлении образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бағдарламаның авторы туралы

«Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының тағдыры – ол бүлдіршіндерге шынайы қамқорлық пен адамзатқа риясыз қызмет ету үлгісі. Сара Алпысқызы өзінің «Өмір әдебі» атты кітабында: «Мен балалардың сәби кезінен бастап әрқашан салауатты және бақытты болу өнерін меңгергенін, өмір даналығын және адамзатқа қызмет ету бақытын үйрене отырып өскенін қалаймын. Өздерінің кім екенін, не үшін өмір сүретінін және неге ұмтылуы керек екенін ұғынулары керек. Өз-өзін жарыққа шығару – әркімнің парызы», – деп өз арманымен бөлісті. Көп ұзамай Сара Алпысқызының жиырма жылдай аңсаған өмірінің мәні мен мұратына айналған «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы жарыққа келді. Сара Алпысқызын тек қана біздің елде ғана емес, бүкіл дүние жүзінде ізгілік құндылықтарын, игілік пен әділдік мұраттарын зерделеуге сүбелі үлес қосқан рухани ұстаз және әлемдік деңгейдегі қоғам қайраткері деп таниды. 

Балалардың игілігі үшін жасаған еңбегі халықаралық беделді марапаттармен – жетім балалардың мәселелерін шешудегі ерекше еңбегі үшін SOS-Kinderdorf international Халақаралық фондының алтын медалі және алтын сақинасымен, балалардың құқығын қорғау саласына қосқан үлесі үшін  ЮНИСЕФ-тің арнайы марапаты Ш. Айтматов атындағы алтын медальмен марапатталды. Сара Алпысқызы денсаулық қорғау, қайырымдылық және өскелең ұрпақтың рухани қалыптасуы саласындағы жемісті еңбегі үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының          И. Дограмачи атындағы қорының халықаралық сыйлығының халықаралық Unityсыйлығының, «Курманджан Датка» сыйлығының лауреаты, «Мээрман Эне-98» атағының иегері болып табылады. Панасыз қалған балалардың мүддесі үшін көп жыл риясыз қызмет еткені үшін, өскелең ұрпақтың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешуде атқарған еңбегі үшін «Золотое сердце» халықаралық қайырымдылық сыйлығына, сол сияқты ТМД елдерінің «Звезды Содружества» – Гуманитарлық ынтымақтастық қорының сыйлығына алуының мәні терең. 1913 жылы «Ізгілік Педагогикасының Халықаралық орталығы» Халықаралық қоғамдық бірлестігі қауымдастығының шешімімен Сара Алпысқызы Назарбаева «Рыцарь гуманной педагогики» деген құрметті атағына ие болды

Алайда берілген атақтар мен сыйлықтар қаншалықты жоғары болғанымен, Сара Алпысқызы балаларымыздың денсаулығы мен руханилығын, қазақстан отбасыларының беріктігін, өз отандастарының қарапайым бақытын өзінің ең басты марапаты санайды.

Дереккөз: http://ozin-ozi-tanu.kz/p/author

Жаңартылған күні: 12.01.2021 10:23
Құрылған күні: 13.01.2021 18:04

Текст