Алғы сөз
Сіздерге Сара Алпысқызы Назарбаеваның айтқан пікірлері мен дана ойларының жинағын ұсынамыз. Олар адамзатқа қатысты бүгінгі және кешегі өткен заман сұрақтарына жауап табуға көмектеседі. Мен кіммін? Біздің әлем неден тұрады? Бақыт пен тыныштыққа қалай қол жеткізуге болады?
Автордың әрбір сөзі - адамның табиғаты өз алдына Құдіретті екенін терең түсіну. Адам өз ойының, сөзі және іс-әрекеттерінің көмегімен өмірін жақсартуға, оны жақсарту үшін Әлемнің заңдарын түсінуге және Рухтың шыңына ұмтылуына мүмкіндік беретіндей зор күшке ие. Барлығы адамның билігінде, тек оны Жүрегімен көруге, естуге әрі сезінуге қажет.
Сара Алпысқызының Сүіспеншілікке, Даналыққа және Адамгершілікке толы ой-пікірлері терең моральдық Ақиқаттар мен рухани Білімді қамтиды. Бұл ізгі ниеттері табыс пен бақытқа қол жеткізуге көмектеседі, ал ең бастысы - соған лайықты өмір сүре білуге.