11–17 маусым аралығында Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының VIII Халықтық спорт ойындары өтті. Бұл еліміздің үздік спортшыларын біріктірген ауқымды спорттық іс-шара болды. Ф-32 тобының студенті Мұрат Жансая облысымыздың намысын республикалық деңгейде абыроймен қорғап, жоғары спорттық шеберлігін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Мұрат Жансая құрметті III орынды иеленіп, қажырлы еңбек, табандылық пен мақсаткерліктің әрдайым жетістікке жеткізетінін дәлелдеді. Әрбір жетістіктің артында спортшы мен жаттықтырушының үлкен еңбегі жатыр. Республикалық жарыстың жүлдегерін дайындауға қосқан үлесі, кәсіби біліктілігі мен қолдауы үшін жетекші Мұхамеджанов Қ.М.-ға шынайы алғысымызды білдіреміз. Мұрат Жансаяны және оның жетекшісін лайықты марапатымен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер, жарқын жетістіктер және ең биік белестерді бағындыруды тілейміз!

