Текст
2020 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Бөбек» ҰҒПОО ұйымдастырған «Өзін-өзі тану: бала үшін миссия» тақырыбында Халықаралық форум өтеді. Форум Дүниежүзілік бала күніне арналған. Жоғары педагогикалық колледждің атынан колледж басшысы қатысады. Баяндаманың тақырыбы «Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мұғалімдер даярлығының жүйені қалыптастырушы факторы ретінде».