Текст
Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырыста Кеңестің жаңа оқу жылына арналған жоспары бекітілді. Кеңестің жаңа құрамы сайланды. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі менеджердің жастардың құқықтарын қорғау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы есебі тыңдалды. Сондай-ақ, жатақхана тәрбиешісінің тұратын студенттерге қатысты баяндамалары қаралды.