Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Щучинск қаласы,  жоғары педагогикалық  колледжі" ШЖҚ МКК
ГКП на ПХВ "Высший педагогический колледж, город Щучинск" при  управлении образования Акмолинской области

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру бойынша студенттермен кәсіптік бағдар беру іс-шарасы

19.03.2024

18 Наурызда Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің акт залында студенттермен ҚР Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру бойынша кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті. Іс-шараға: подполковник Сиренов д.б. қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, аға лейтенант Кокаев А. Т. әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс бөлімінің бастығы, Абрадхманов М. К. Бурабай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерден тыс жұмыс жөніндегі маманы қатысты. Өкілдер ҚР Қарулы Күштері, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңның негізгі ережелері, армияның имиджі және әскери қызмет өткерудің артықшылықтары туралы айтып, түлектерді ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қатарында лайықты орын алуға шақырды. Үгіт-насихат іс-шарасының соңында қорғаныс бөлімінің өкілдері студенттер мен түлектерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.

Просмотров: 629


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст