Текст
30-31 қаңтар аралығында Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен студент жастар арасында пікірталасты дамыту мақсатында Жас Дәурен балалар лагерінде облыстық пікірсайыс турнирі болып өтті. Сөз додасына орыс лигасында 13, қазақ лигасында 9 команда бақ сынады. Щучинск қаласы жоғарғы педагогикалық колледжі Флейм тобының спикерлері Башан Дариға Ф-42 мен Анелова Қарлығаш Ш-42 құрамасы қазақ лигасында, ал Алаш-Прайд командасының спикерлері Жолдыбай Дильназ А-42 бен Рублевский Владислав А-31 орыс лигасында І орын иеленді.
Жетекшісі Дағистан А.Д, Рахимжанов М.К