Текст
Еңбек адамдарына деген құрмет адал және жауапкершілікпен жұмыс істей білу адам үшін маңызды құндылық екенін түсіну барысында «Жоғары педагогикалық колледж» кітапханасында еңбекке оң көзқарасты қалыптастыру , еңбек адамдарына құрмет көрсету мақсатында Еңбек күні мерекесіне арналған кітап-деректі көрме рәсімделді. 2013 жылғы 26 қарашада ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылайша жаңа мереке - қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні пайда болды. Бұл күні елімізде мерекелік іс-шаралар, шығармашылық және спорттық іс-шаралар өтеді.
Сіздерді Еңбек Күнімен шын жүректен құттықтаймын!