«30 тамыз - Конституция күні» атты «Жоғары педагогикалық колледж» кітапханасында жастарға патриоттық тәрбие беру, ҚР Конституциясының құрылу тарихы туралы білім тарату мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Қазақстан жерінде тұратындардың барлығы еліміздің Негізгі Заңын құрметтеуге және сақтауға тиіс. Қазақстанның әрбір тұрғыны әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және өзінің болашағына сенімді болуға тиіс. Қоғам мен мемлекет дамуының базалық қағидаттары, адамның, азаматтың және мемлекеттік билік субъектісінің кепілдіктері, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекітілген. Оларды сапалы әрі тиімді іске асыру мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті болып табылады, өйткені ол даму мен тұрақтылыққа, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.
Конституция күнімен құттықтаймыз!