Текст
2017жылы қарашаның 16-сы күні Щучинск қаласының орталық кітапханасында 1 желтоқсан күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тақырыпта шағын мерекелік іс- шара болып өтті. Бұл іс- шараға педагогикалық колледждің Ш-22 тобы қатысты. Іс- шара өте көтеріңкі көңіл күйде бастау алды. Елбасымыз жайлы көптеген
қызықты мәліметтер, видео материалдар көрсетілді. Елбасымыздың жазған кітаптарынан үлкен кітаптар көрмесі
ұйымдастырылды. Мерекеде тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды, дұрыс жауап берген студенттерге сыйлықтар берілді. Кітапханашылардан Ш-22 тобына естелік ретінде бірнеше кітап сыйлыққа берілді.