Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі тәрбие мен оқу үрдісін бір ананың егіз баласындай қатар алып жүрген оқу орындарының бірі.
Бүгін, яғни 12.09 күні оқу орнында «Қарашаңырақ» РҚБ Бурабай филиалының директоры, мотиватор, ұстаз, психолог, қаламгер Баян Бекетай Ахатайқызы филология бөлімінің 2-курс студенттерімен «Әкеге деген өкпе-реніштен арылып, дұрыс қарым-қатынас орнатудың ең тиімді 10тәсілі» тақырыбында кездесу-тренингі өткізді.
Кездесу-тренингінің болашақ мамандарға берері мол, әр студентті ойландырып жүрген сұрақтарына жауап беретін тамаша кездесу өтті.
Баян Ахатайқызы кездесу-тренингісінде «Қамшылау сөздер», «Идеалды менің әкем», «Әкені ақтап алу», «Әкеге хат» т.б. тәсілдерді шебер қолдана отырып, студенттердің әкеге деген құрметі мен қарым-қатынасын жақсартуға арналған жұмыс түрлері талқыланды. Студенттермен алған білімдері бойынша кері байланыс та жүргізілді.
Баян Ахатайқызының кездесу-тренингісінің мазмұны терең, ұлағаты мол, қызықты да тартымды кездесу болды.
Баян Ахатайқызына алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
https://www.youtube.com/shorts/1xrSUTIJW7o
https://www.youtube.com/shorts/FTZPUXg90-g
https://www.youtube.com/shorts/4MwHNE01yxk