«Еліміз өркендейді деп сенемін»
Мемлекет басшысы Жолдауында әлеуметтік және отбасылық-демографиялық салада жаңа саясат басталғанын жариялады. Бұл сала Жолдаудың негізгі объектілерінің бірінші орында тұрған біз ел азаматары білеміз. Экономикалық әлеуметін көтеру мәдени рухани дамуын жетілдіру халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселелеріне барынша назар аударылды. Бұл ретте, арнайы бағдарлама қабылданып, оның тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар нақты да нəтижелі орындалса нұр үстіне нұр. Президент Жолдауында басымдық бергені дәл бүгін оқу жылының басталған тұсында оқушыларға қолжетімді әрі сапалы білім беріп, қашықтықтан оқыту жүйесі қолға алынғандығы. Дегенмен, біздің мемлекет әлі онлайн платформаға дайын емес екендігін тілге тиек етті. Бұл ретте алдағы кезеңде арнайы бағдарлама әзірленетіндігін де жеткізді. Ал, оқушылардың қашықтықтан білім алуы - санитарлық талаптарды сақтау мен ұрпақ денсаулығының жақсаруына негіз болады. Жолдауда қамтылған барлық мәселелер ел келешегінің кемелденуіне сеп бола алады. Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірлеп, сол арқылы тірліктер атқарылатындығын да алға тартты. Мен, бүгінгі Жолдауды тыңдау арқылы кемел көшбасшымыз бен халық алдында үлкен жауапкершілік тұрғандығына тағы да көзім жетті. Еліміз өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артады деген сенімдемін.
Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі
Ф-12 тобының 1 курс студенті Жолдасбеков Нұрдәулет