
«Заң және тәртіп» профилактикалық іс-шаралар сериясы аясында колледжде «Нашақорлық — менің таңдауым емес» тақырыбында бірыңғай кураторлық сағат өткізілді. Кездесуге Бурабай ауданы полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері қатысты. Іс-шараның мақсаты — жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және өмірлік құндылықтарды саналы түрде таңдауға тәрбиелеу. Кездесу барысында студенттер есірткі заттарын қолданудың зиянды салдары, тәуелділіктің адамның денсаулығына, болашағына және әлеуметтік ортасына тигізетін әсері туралы пікір алмасты. Заң талаптарын сақтау, қауіпсіздік мәселелері және салауатты өмір салтын ұстану тақырыптарына ерекше назар аударылды. Білім алушылар талқылауға белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды және денсаулық, білім, отбасы мен табысты болашақ — қазіргі қоғамның ең басты құндылықтары деген қорытындыға келді.