Текст
29.04.2026
"Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі" МКҚК үздік студенттердің "ТОП-100" жобасы аясында конкурстың ішкі кезеңі өтті . Конкурстың ішкі кезеңі барысында қатысушылар өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін, белсенділігін, шығармашылық көзқарасын және білім беру саласында дамуға ұмтылысын көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша ішкі кезеңнен сәтті өткен 5 студент анықталды:
Қазыбай Аружан А-32;
Құндақбаева Нұрсая КФ-31;
Тимченко Анжелика Ш-31;
Черней Ольга Ш-31;
Абдрахман Ақгул Ш-31.
Олар Ақмола облысының білім басқармасы өткізетін өңірлік кезеңде колледждің атынан қатысатын болады . Қатысушыларды лайықты нәтижемен құттықтаймыз және келесі деңгейде табысты өнер көрсетулеріңізді тілейміз!