Наурыз мерекесі қарсаңында Жоғары педагогикалық колледж студенттері «Жақсылық автобусы» акциясына қатысты.
Іс-шара аясында еріктілер еңбек ардагерлеріне барып, оларға көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. Бұл акция студенттердің бойында үлкенге құрмет, мейірімділік, жанашырлық пен қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.
Акцияны «Забота» еріктілер клубы ұйымдастырды. Колледж студенттері, топ кураторлары және клуб жетекшісі — Пышная Тамара Владимировна белсенді қатысты.
Акцияға қатысқан барлық жандарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Мейірімді жүректеріңіз бен жанашырлықтарыңыз үшін рахмет!
Наурыз мерекесі әр шаңыраққа жылу, қуаныш және береке әкелсін!
Наурыз құтты болсын! 🌸
#Nauryznama2026 #ҰлыДалаНаурыз#АмалКүні#АдалАзамат