Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінде “Наурызнама-2026” онкүндігінің аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары Темирова Ғ.К., Дағыстан Н.Ғ. және Кф-21 тобы студенттерінің ұйымдастыруымен “Көрісу күні - Амал мерекесі” өтті. Мерекелік шараға студенттер мен оқытушылар белсенді қатысып, бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін білдірді. Кездесу барысында қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары насихатталып туденттер ұлттық тағамдар ұсынды. Шара жылы атмосферада өтіп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған бұл мереке бірлік пен татулықтың жарқын көрінісі болды! #Naryznama2026 #ҰлыДалаНаурызы #АмалМерекесі #КөрісуКүні
https://drive.google.com/file/d/132Z9cFGgeIuzcxQINcU6tv34oa7pqunh/view?usp=drive_link