27.02.2026
2026 жылғы 27 ақпанда Ақмола обысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжінің А-12 тобында «Адал Азамат» тәрбиелік бағыты аясында жасөспірімдер арасында «Жылы сөздер шеңбері» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бойында адалдық, адамгершілік, сыйластық құндылықтарын қалыптастыру, жағымды қарым-қатынас мәдениетін дамыту және өзара құрметті нығайту. Ойын барысында студенттер логикалық сұрақтарға жауап беріп, түрлі жағдаяттық тапсырмаларды орындап, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен тапқырлықтарын көрсете білді. Мұндай тағылымы мол шаралар жасөспірімдердің рухани дамуына, өзара түсіністік пен достық қарым-қатынастың нығаюына ықпал етеді.