📅 2026 жылдың 2 ақпанында Щучинск қаласындағы Жоғары педагогикалық колледжде «Білім беру саласында бұлттық сервистер мен жасанды интеллектпен жұмыс: инновациялық технологиялар және оқу процесін цифрлық трансформациялау» тақырыбында практикалық семинар өтті.
Семинар барысында оқытушылар бұлттық сервистердің мүмкіндіктерімен танысты, ChatGPT және DeepSeek сияқты ЖИ-чаттарымен тіркелу және жұмыс істеу процесін меңгерді, сондай-ақ жасанды интеллектті білім беру ісінде тиімді қолдану үшін промпт-инжиниринг негіздерін үйренді.
Семинардың мақсаты — педагогтардың цифрлық құзыреттерін дамыту және заманауи технологияларды оқу процесіне енгізу.
👥 Семинарды ұйымдастыру жауапты тұлғалар:
Кошенова Л.Н., Карнаухов Д.И., Басымова А.Ж.
✨ Барлық қатысушыларға белсенді жұмысы мен білім беру саласындағы цифрлық трансформацияға қызығушылық танытқандары үшін алғыс білдіреміз!
https://www.instagram.com/reel/DUSo82cAbtO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==