"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласы  жоғары педагогикалық  колледжі" МКҚК
ГККП "Высший педагогический колледж города Щучинск при  управлении образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"ҚАУІПСІЗДІК АУМАҒЫ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ, ҚОРҚЫТУДЫҢ ЖӘНЕ БОПСАЛАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ"

09.01.2026

"Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі"МКҚК-да бірінші курс студенттері үшін "Қауіпсіздік аумағы: құқық бұзушылықтың, қорқытудың және бопсалаудың алдын алу" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.
Дәрістің мақсаты-білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алу, өз іс-әрекеттеріне саналы және жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ, студенттік ортада қорқыту мен бопсалау жағдайларының алдын алу.
Спикер Бурабай ауданы БББ ҚББ УПИ, полиция капитаны Қалмағанбетов Данияр Гарифуллаұлы болды, ол студенттерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түрлерін, сондай-ақ, қысым, қатер және зорлық-зомбылық жағдайларындағы іс-қимыл алгоритмдерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Дәріс барысында студенттер:
-құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары туралы білді;
-қорқыту және бопсалау формалары және оларды қалай тануға болатындығы туралы түсінік алды;
-өз құқықтарын қорғау тетіктерімен және көмекке жүгіну мүмкіндіктерімен танысты;
-білім беру ортасында мінез-құлық ережелерін сақтаудың және өзара сыйластықтың маңыздылығын түсінді.
Мұндай дәрістерді өткізу қауіпсіз, құқықтық және психологиялық жайлы білім беру ортасын құруға, заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және жастар арасында профилактикалық жұмысты нығайтуға ықпал етеді.
Қауіпсіздік әркімнің санасынан басталады.

https://www.instagram.com/reel/DTSV2AHgXRY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Просмотров: 21


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст