"Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет" халықаралық науқан аясында Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінде студенттердің Бурабай ауданы прокуратурасының прокуроры Сайлаубекова Елена Александровнамен кездесуі өтті, тыңдаушылар назарына "Сот төрелігін жүзеге асырудағы азаматтық қоғамның рөлі"тақырыбында дәріс ұсынылды. Іс-шара студенттерге құқықтық білім беру және жастардың азаматтық мәдениетін нығайту аясында өтті.
Азаматтық қоғам институттары — ҮЕҰ, бастамашыл топтар, волонтерлік бірлестіктер, білім беру мекемелері — жастар арасында әділеттілікті қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті ілгерілету мәселелерінде мемлекеттің серіктестері болып отырғанына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелердің мазмұны ашылды:
- азаматтық қоғам дегеніміз не және оны қандай институттар құрайды;
- қоғамдық ұйымдар, БАҚ, еріктілер, құқық қорғаушылар және белсенді азаматтар сот төрелігінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге қалай қатысады;
- қоғамдық бақылау, мемлекеттік органдардың ашықтығы және құқықтық сауаттылық неге маңызды;
- жастар құқықтық мемлекеттің дамуында қандай рөл атқарады.
Студенттер сұрақтар қоюға, қоғам мен сот жүйесінің өзара іс-қимылының нақты мысалдарын талқылауға, сондай-ақ, заңдылық пен әділеттілікті нығайтудағы өздерінің жеке жауапкершіліктерін сезінуге мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті дамытуға және сот төрелігі тек мемлекеттік органдардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар, әрбір азаматтың үлесі екенін түсінуге ықпал етеді.
Азаматтық қоғам-біз.
Біздің белсенді ұстанымымыз-сенім, әділдік пен заңдылықтың негізі.
https://www.instagram.com/reel/DSFsfwYgfZd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==