"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласы  жоғары педагогикалық  колледжі" МКҚК
ГККП "Высший педагогический колледж города Щучинск при  управлении образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психология апталығының ашылуы

08.12.2025

       Бүгін колледжде "Айналамдағы жарқын әлем" жалпы ұранымен  педагог-психолог М. Е. Жумагулова  дайындаған "Өмір-ең жақсы құндылық!" атты  психология апталығының жарқын және мазмұнды ашылуы өтті.

       Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Б. Қасымжанова құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара колледж студенттері мен педагогтарын біріктіре отырып, жылы, шабыттандыратын атмосферада өтті. Мерекелік бағдарламаны А-13  тобының студенті Еськов Даниил мен А-12 тобының  студенті Байболат Аймерей ашты. Олар:

- адам өмірінің құндылығы туралы,

- психикалық денсаулыққа қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы,

- эмоцияларды түсіну және өзіне саналы көзқарас туралы  айтты.

        Ашылу бағдарламасына: музыкалық нөмірлер —

"Балқадиша","Moon and moon", аспаптық композициялар;

 студенттердің гитара өнері кірді. "Психологиялық рулетка" интерактивті ойыны өткізілді, онда студенттер өз тәжірибелерімен, эмоцияларымен, құндылықтарымен бөлісті. "Тұлғадағы психология"шағын спектаклі көрсетілді;  Осының  барлығы психологиялық мәдениет-жастардың білімі мен дамуының маңызды бөлігі екенін көрсетті.

       Психология апталығы-сенім, қолдау және шабыт кеңістігі. Алда әркімге психология әлеміне қол тигізуге және жарқын, мейірімді білім беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде сезінуге көмектесетін шеберханалар, тренингтер, пайдалы кездесулер мен шығармашылық тапсырмалар бар  назарларына  ұсынылатын  болады.

      Бұл апта ашылу, шабыт және өзін-өзі күту уақыты болсын. Өмір құнды, ал біздің ішкі әлеміміз күш пен жарықтың қайнар көзі  екенін әркім  сезіне  білсін!

https://www.instagram.com/reel/DSABeVPAf22/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Просмотров: 18


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст