2025 жылғы 21-29 қараша аралығында Шымкент қаласында Сапарбаев Мардан Баймырзайұлының 83 жылдығына орай өткізілетін орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында үстел теннисі, шахмат және тоғыз құмалақ бойынша республикалық спартакиада өтті, онда 15 облыс және 2 республикалық маңызы бар қала — Шымкент және Алматы ұсынылды.
Үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақтан республикалық спартакиадада 965 студент бақ сынасты. "Адал азамат" бағдарламасы аясында Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері біздің колледжді абыроймен таныстырып, өздерінің шеберліктерін, рух күші мен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсете отырып, жоғары дайындық деңгейі мен нағыз командалық сипатын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша олар келесі жүлделі орындарға ие болды:
- "Үстел теннисі" бойынша 2 орын алды, жетекшілері К. М. Мұхамеджанов, Ж. К. Досов.Команда құрамы:
1. Уәли Мақсат Адақулы -Ф-42 тобының студенті
2. Мейрамбай Мади Нұрланұлы - Ф-42 тобының студенті
3. Ринг Екатерина Андреевна -РФ-41 тобының студенті
4. Каирбаева Дильназ Еркешевна - Ф-11 тобының студенті
- "Шахматтан" 3 орынға ие болды, жетекшілері К. М. Мұхмеджанов, Ж. К. Досов.Колледж намысын қорғаушылар:
1. Толмачев Вячеслав Васильевич - А-31 тобының студенті
2. Матюшков Никита Михайлович- Ф-41 тобының студенті
3. Хисамутдинова Карина Ринатовна - А-21 тобының студенті
4. Шаймерденова Зере Талгатовна - А-12 тобының студенті
- "Тоғызқұмалақ" бойынша " 1 орынды жеңіп алды, жетекшілері К. М. Мұхамеджанов, Ж. К. Досов. Жеңімпаздар құрамы:
1. Мұрат Жансая Русланқызы - Ф-32 тобының студенті
2. Сеитова Айым Ермековна - А-12 тобының студенті
3. Канапиева Гулхан Турлыбековна - Кф-41 тобының студенті
4. Нурмаганова Аида Назаровна - А-32 тобының студенті.
Бұл нәтижелер еңбекқорлық, күнделікті жаттығулар және оқытушылар мен тәлімгерлердің бірлескен еңбегінің лайықты марапаты болып табылады. Біз өз жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға колледждің республикалық деңгейде намысын қорғаудағы табандылығы мен лайықты өкілдігі үшін алғыс айтамыз.
Бұл жетістіктер жаңа жеңістер мен жетістіктерге серпін берсін!
https://www.instagram.com/reel/DR1wEikAbuW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==