"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласы  жоғары педагогикалық  колледжі" МКҚК
ГККП "Высший педагогический колледж города Щучинск при  управлении образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әдістемелік SCAFFOLD: кәсіби білім беру жүйесін құрастырудағы тиімді құрал» семинар-практикум

26.11.2025

Бүгін, 2025 жылғы 25 қарашада, Щучинск қаласының Жоғары педагогикалық колледжінде «Әдістемелік SCAFFOLD: кәсіби білім беру жүйесін құрастырудағы тиімді құрал» атты облыстық семинар-практикум өтті.

2025 жылдың қыркүйегінен бастап колледж «Scaffold» жобасының Пилоттық білім беру ұйымдары құрамына енгізіліп, колледж базасында эксперименттік алаң іске қосылуда. Жобаның мақсаты – заманауи әдістемелерді енгізу және оқу үдерісінің тиімділігін арттыру.

Семинарға қатысушыларға колледж директоры Г.В.Бичун құттықтау сөзін жолдады. Колледждің психологы М.Е. Жумагулова және оқытушы Т.В. Пышная команданы біріктіруге және бағыттар бойынша жұмысқа жағымды көңіл күй қалыптастыруға арналған тренингтер өткізді.

Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, Scaffold ұлттық тренері және семинар-практикум модераторы С.Б.Касымжанова  оқу үдерісінде карточкаларды қолдану бойынша шеберлік сыныбын жүргізді.

Семинар-практикумның мақсаты – үздік тәжірибелермен алмасу, цифрландыру дәуірінде оқытушылар кездесетін өзекті мәселелерді талқылау, жаңа әрі тиімді қолдау формаларын іздеу – толық орындалды.

Іс-шара бағдарламасына Scaffold курстарынан өткен оқытушылар: Н.В.Короткова, М.Т.Жолдасбаева, Н.С.Редько А.Т. Бабаева белсенді қатысты. Барлық спикерлерге сертификаттар табысталды.

Қатысушылардың белсенді жұмысының арқасында іс-шара мазмұнды жұмысқа, жарқын пікірталастарға және жаңа идеяларға толы болды!

Просмотров: 30


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст