Бүгін біздің колледжде көптен күткен және жарқын дәстүрлердің бірі — "Next level 2025" студенттер қатарына қабылдау өтті!
Салтанатты атмосфера, фанфар, Студенттік Ант және шығармашылық нөмірлер бұл кешті шынымен ұмытылмас етті.
Бірінші курс студенттері жаңа, шынайы студенттік өмірге - білімге, шығармашылыққа және жаңа жетістіктерге толы бастауларға алғашқы қадамын жасады.
Кураторлар өз топтарын таныстырды, ал жоғары курс студенттері жылы лебіздер мен шығармашылық нөмірлер дайындады.
Студенттік сайыс үш номинация бойынша ерекше әсер қалдырды:
1 "Шығармашылық сәлемдесу"
2 "костюм-шоу"
3 "кино-дуэль"
Әр топ керемет шығармашылық, көркемдік және командалық рухты көрсетті, ал қазылар алқасы үздіктерді атап өтті:
I орын- Ф-11тобы, кураторы Магарамов Дамир Дулатович,
II орын-А-13 тобы, кураторы Горбачева Юлия Сергеевна,
III орын-А-12 тобы, кураторы Султанова Гульмира Жумабаевна.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға эмоциялар мен мерекенің керемет атмосферасы үшін алғыс айтамыз!
Студенттік өмір сіз үшін нағыз "келесі деңгей" болсын. Білім және шабыт деңгейі!
https://www.instagram.com/reel/DREQJyCgXNX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==