Текст
23.10.2025
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Немилостева Елизавета Дмитриевна облыстық "Үздік Педагогикалық эссе" конкурсының жеңімпазы атанды және 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Конкурстың мақсаты: педагогтердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру; озық педагогикалық тәжірибені насихаттау; педагогикалық идеялармен алмасу үшін жағдай жасау; өз ойларын жазбаша түрде жеткізе алатын талантты авторларды анықтау. "Үздік Педагогикалық эссе" конкурсындағы лайықты жеңісіңізбен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз! Бұл жетістік сіздің педагогикалық өмірбаяныңыздағы жарқын бет болсын, жаңа жетістіктер мен шығармашылық жаңалықтарға шабыт берсін!