Текст
Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде, соған орай Ақмола облысы, Білім басқармасының жанындағы "Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жатақханасының тәрбиешісі:Даукиева Улбосын Еламановнаның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік 30 жылдығына арналған жатақхана студенттерімен жиын өткізілді. Студенттер сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тарихын тыңдап, өз Отандарына деген тілектерін жазды.Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.