15 сәуір мен 18 сәуір аралығында Қатаркөл ауылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен «Жас Ұлан – 2025» облыстық әскери-спорттық ойынына біздің командамыз – Жоғары педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.
Жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болдық. «Магазинді жарақтау» жарысында қыздарымыз – Жидецкая Вероника мен Бабина Татьяна (Ф-11 тобы) 1 орынды иеленді. Жігіттеріміз турникке тартылу сайысында 3 орынды жеңіп алды. Инсценировка байқауында командамыз 2 орынды иеленді.
Команда құрамында 10 студент болды: 6 ұл – Түлеупов Бекзат, Гаук Александр, Базылов Тимур, Лазарев Роман, Морозов Андрей, Валихан Айдын және 4 қыз – Жидецкая Вероника, Бабина Татьяна, Фоленвейдер Диана, Акимова Зарина.
Жетекші: бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Үсенов Карбай Сәлімұлы
https://www.instagram.com/reel/DIvr2NgByDE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==