"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Щучинск қаласы  жоғары педагогикалық  колледжі" МКҚК
ГККП "Высший педагогический колледж города Щучинск при  управлении образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Студент жастардың пікірсайыс қозғалысы»

03.02.2025

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында 30-31 қаңтарда "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен студенттер арасында "Студент жастардың пікірсайыс қозғалысы"атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Барлығы 14 команда(28 қатысушы) қатысты. Турнирге Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің екі командасы қатысты. Қазақ лигасында колледжді "Сана серпін" командасы ұсынды, қатысушылар: Қазыбай Аружан А-22 тобы, Естаева Тамирис А-22 тобы, жетекшісі Дағыстан А. Орыс лигасында колледжді "Алаш Pride" командасы көрсетті, қатысушылар: Макарушкина Анастасия А-21 тобы, Штефанова Камила РФ-21 тобы ,жетекшісі Рахимжанов М.К.

Жарыс қорытындысы бойынша, орыс лигасында біздің "Алаш Pride" командасы 1 орын алды.

Қазақ лигасында біздің "Сана серпін" командасы 2 орын иеленді.

Сондай-ақ, Қазыбай Аружан қазақ лигасындағы "Турнирдің үздік спикері" номинациясына ие болды.

Турнир жеңімпаздары дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушыларды құттықтаймыз және пікірсайыс қозғалысында одан әрі табыс тілейміз!

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст